Колумбиялық консулдар Венесуэладан кетіп қалды

Колумбиялық консулдар Венесуэладан кетіп қалды
1119

Астана, BAQ.KZ.  Колумбиялық үш консул отбасымен Венесуэладан кетіп қалды. Бұл туралы РИА Новости жазады.

Дипломаттар Сан-Антониодағы шекарадан венесуэлалық полицейлермен жаяу өткен.

23 ақпанда Венесуэла президенті Николас Мадуро Колумбиямен дипломатиялық және саяси қарым-қатынасты тоқтатқаны туралы мәлімдеп, 24 сағат ішінде колумбиялық дипломаттарға елден кетуге бұйрық берді. Осылайша, Боливариан республикасында тұратын Колумбияның бес милионнан астам азаматы дипломатиялық қолдаусыз қалды.

Бұдан басқа, Мадуро «адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін» Колумбиямен шекарадағы әскерді күшейтуді бұйырды.

Венесуэланың жаңа сайланған президенті Николас Мадуро Euronews-ке берген сұхбатында АҚШ жіберген гуманитарлық көмек уланғанын және оны пайдалану жарамсыз екенін айтты.

Мадураның айтуынша, Колумбиядағы оның дереккөздері келген көмек бұзылған және уланғанын хабарлаған.