Көлсай көлдері ұлттық саябағына баратын жол салынады

5 Тамыз 2022, 03:50
1974
Бөлісу:
Көлсай көлдері ұлттық саябағына баратын жол салынады

Көлсай көлдері ұлттық паркіне баратын жол салынады және бөгет тұрғызылады. Бұл туралы Кеген ауданына жұмыс сапарымен барған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар аясында Қайыңды көлін сақтап қалу мәселесі қаралды. Өңір басшысының сөзінше, соңғы жылдары аталған су қоймасындағы су деңгейі төмендеп кеткен. Сондықтан мәселінің шешімі ретінде мұнда бөгет салу жоспарланып отыр. Бұл мәселе Экология министрлігімен бірлесіп пысықталады.

Бұған қоса, таяуда саябаққа апаратын жолдың құрылысы басталып, электр желілері тартылады.

Мұнда келуші туристер таудың таза ауасымен тыныстағылары келеді. Оның орнына демалушы жұрт көңнің исімен демалуға мәжбүр. Бұл мәселе ұлттық парктің басшылығымен шешімін табуы тиіс, - деді облыс әкімі.

Ұлттық парк директорының айтуынша, қазіргі таңда атты және жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жобасы әзірленіп жатыр. Бұдан өзге, Көлсай аумағында биоәжетханалар орнатып, туристтік полиция бөлімшелері мен фельдшерлік-акушерлік пункт салу мәселесі қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы