Коллекцияны 100 томға жеткізу ойымызда бар - Ақберен Елгезек

28 Қараша 2023, 15:03
655
Бөлісу:
Коллекцияны 100 томға жеткізу ойымызда бар - Ақберен Елгезек
Фото: автордан

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы уақытта коллекцияны 100 томға жеткізу ойымызда бар. Бұл серия қазақтың бас ақыны, хәкім Абайдан басталып, Дулат Бабатайұлы, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұхтар Әуезов, Алашорда қайраткерлері, Кеңес Одағы заманының әйгілі қаламгерлері, тәуелсіз Қазақстанның көрнекті жазушылары мен белгілі жас авторлардың шығармаларын қамтиды. Ішінде кейбір авторлар жоқ. Басқа бір баспаларға авторлық құқығын беріп қояды. Біз барлығын заң шеңберінде жүзеге асыруымыз қажет. Осы орайда «Абай» баспасына, жеке өзіме сенім білдірген біздің класасиктердің мирасқорларына алғыс білдіремін. Кітаптарды шығаруға қанша уақыт кетті деп сұрап жатыр. Бұл – алты айда жасалған жұмыс. Осы жерде авторларға, корректорларға, дизайнерлер мен баспагерлерге жұмыла жұмыс істеген қызметкерлерге алғысымды айтамын. Қарбалас болса да, жүрекке жақын дүние. Бұл мемлекеттік тапсырыспен емес, баспаның қаржысымен шығарылды. Сол себептен кітаптарды нарыққа шығарамыз, түскен табыстың белгілі бір бөлігін авторларға береміз. Қазірдің өзінде кітап нарығынан ұсыныстар келіп түсіп жатыр, – дейді «Абай» баспасының құрылтайшысы әрі директоры Ақберен Елгезек. 

Коллекцияны 100 томға жеткізу ойымызда бар - Ақберен Елгезек

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітап әлемдік сұранысқа сай, заманауи үлгіде, минимализм дизайнында жасалған. Кітаптардың ішінде оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де бар екенін атап өткен жөн. 

«Абай» баспасынан менің «Экспедициядан кейінгі өмір» атты жаңа кітабым жарық көрді. Бұл көп жылдардан бері жарыққа шығара алмай жүрген даулы қолжазбам еді. Баспа басшыларына ағалық алғысымды айтамын. Бұл кітап «Мұстафа Шоқай жолымен» атты кітаптың жалғасы іспетті. Экспедициядан кейінгі төккен тер, атқарылған еңбек, шеккен азап, бастан кешкен бейнет пен Өскемендегі жылға жуық уақытқа созылған сот құжаттары мен ғаламтордағы, баспасөз беттеріндегі айтыс-тартыстарға толы мақалалардан тұрады. Осы ретте, аталған 35 кітап заманауи үлгіде жасалғанын атап өткен жөн, – дейді ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Коллекцияны 100 томға жеткізу ойымызда бар - Ақберен Елгезек
Өзгелердің жаңалығы