Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

25 Желтоқсан 2019, 11:22
3096
Бөлісу:
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов сынды қазақтың белгілі тұлғаларының тұлғалардың туғанына 125 жыл толуына арналған 100 теңгелік коллекциялық монеталар шықты. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Номиналы 500 теңгелік "Қазақстанның бейнелеу өнері" монеталар сериясынан "Á.Qasteev "Búrkitshi" коллекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "I. Jansúgirov. 125 jyl", "S. Seifýllin. 125 jyl", "B. Mailin. 125 jyl", "T. Rysqulov. 125 jyl" коллекциялық монеталары айналымға шықты.

"Á.Qasteev "Búrkitshi" монеталары 925/1000  сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 35х45мм,  дайындау сапасы – "proof", таралымы – 1 000 дана.

35SOb49R.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg

"I. Jansúgirov. 125 jyl", "S. Seifýllin. 125 jyl", «B. Mailin. 125 jyl», «T. Rysqulov. 125 jyl» монеталары қазақ тарихындағы әйгілі тұлғалардың туғанына 125 жыл толуына арналған.

Монеталар мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – "brilliant uncirculated", таралымы – әр түрі 7000 дана.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар еліміздің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.


Өзгелердің жаңалығы