«Көлік және логистика» халықаралық көрмесі ашылды

21 Қыркүйек 2022, 17:03
1336
Бөлісу:
«Көлік және логистика» халықаралық көрмесі ашылды

«NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы аясында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өткен көрме жұмысына 12 елден келген 150 компания қатысты.

Атап айтқанда, көрмеге Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Өзбекстан, Финляндия, Эстония, Беларусь пен Ресейдің көлік және тасымалдау саласындағы компанияларының біріккен ұлттық стенділері қойылды. Сондай-ақ көпшілік назарына алғаш рет Ресейдің Новосібір облысындағы кәсіпорындардың ұжымдық экспозициясы ұсынылды, - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы