Көлік тасымалы үшін таласта заң бұзылған: 10 шенеунік жазаланды

Прокуратура конкурстарды өткізу тәртібін тексеріп, қатысушылардың бір бөлігіне заңсыз кедергі жасалғанын анықтады.

4 Қыркүйек 2026, 18:29
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 4 Қыркүйек 2026, 18:29
4 Қыркүйек 2026, 18:29
117
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Көлік прокуратурасының тексерісінен кейін әкімнің орынбасары мен тағы 9 шенеунік жазаланды.

Көлік прокуратурасы тұрақты облысаралық, қалааралық және ауданішілік автомобильмен жолаушылар тасымалдау бағыттарын қызмет көрсету құқығына конкурс өткізудің заңдылығына талдау жүргізді.

Тексеріс барысында бірқатар өңірлерде конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру кезінде қатысушыларға заңсыз кедергілер жасалғаны, сондай-ақ кейбір тасымалдаушыларға негізсіз артықшылықтар берілгені анықталды. Бұл заңнама талаптары мен адал бәсекелестік қағидаттарын бұзуға әкеп соққан, - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары мен жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды, ал қалған лауазымды тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар белгіленді.

Жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.


Наверх