Көлік полициясы мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзған шетелдікті анықтады

Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігін еске салып, бақылау шаралары жалғасатынын мәлімдеді.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
83
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жыл басынан бері көлік полициясы көші-қон заңнамасын бұзған 1 049 шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылардың 257-сі сот шешімімен ел аумағынан шығарылған. Сонымен қатар қос азаматтықтың 52 дерегі тіркеліп, тиісті шаралар қабылданған.

Атап айтқанда, Петропавл станциясында көліктегі полиция қызметкерлері Новосибирск – Белгород бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде заң бұзушылықты анықтаған. Тексеру барысында 40 жастағы шетелдік азамат Қазақстан азаматтығы туралы заң талаптарын сақтамағаны белгілі болды.

Аталған азамат шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламаған. Іс материалдары сотқа жолданып, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігін еске салып, бақылау шаралары жалғасатынын мәлімдеді.

 

Наверх