Көлік министрлігінде қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесі талқыланды

19 Қаңтар 2024, 19:54
887
Бөлісу:
Көлік министрлігінде қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесі талқыланды
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Өткен жылы әлеуметтік маңызы бар қалалық автобус маршруттарын субсидиялауға шамамен 216 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл мақсатта 242 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ҚР Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың төрағалығымен министрлік ғимаратында жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Ашық талқылау форматында өткен отырыс барысында қалалық маршруттарды субсидиялау, автобус паркін жаңарту, тарифтік комиссиялардың жұмысы және тарифтерді белгілеу, электрондық билеттеу жүйесіне қатысты мәселелер қарастырылды.

Көлік министрлігінде қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесі талқыланды

Кездесуге министрліктің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар, заңды тұлғалар бірлестігі, Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері, автобус шығаратын зауыттар мен тасымалдаушылар қатысты.

Кездесу барысында автобус жүргізушілерінің тапшылығы мәселесіне де қатысты сұрақтар талқыланды. Мәселен, Ақмола облысында жолаушыларды тасымалдауға негізінен зейнет жасына жеткен жүргізушілер тартылған екен. Осыған ұқсас мәселе елдің барлық дерлік аймақтарында бар. Тасымалдаушылар D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас шегін төмендетуді, сондай-ақ жүргізушіден қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат бермес бұрын шағын автобуста 3 жылдық тәжірибесінің болуын талап ететін норманы алып тастауды сұрайды.

Көлік министрлігінде қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесі талқыланды

Сөз кезегінде кеңеске қатысушылар ведомство басшысына өзекті мәселелерді шешу барысында ұйымдастырылған ашық әңгіме үшін ризашылықтарын білдірді. Кеңесті қорытындылай келе, Марат Кәрімжанұлы келіп түскен ұсыныстарды тағы бір мәрте пысықтауды сұрап, аталған мәселелер алдағы уақытта жіті зерделенетінін айтып жеткізді. Іс-шараға қатысушылар биыл ақпан айының соңында қайта кездесу туралы уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы