Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

27 Қаңтар 2020, 21:48
1728
Бөлісу:
Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізуші 2019 жылдың шілдесінде 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Бұл ПБ баспасөз қызметі хабарлады.

26 қаңтарда Хромтау қаласында "Самара – Шымкент" тасжолының 836 шақырымында, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Хромтау ауданы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Аурис" маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында бұрын мас күйінде көлік құралын айдау құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқарғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ведомство хабарламасында.

2019 жылдың шілдесінде жүргізуші 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚПК 128-бабының тәртібінде жүргізуші Хромтау ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сол күні, тағы бір факт тіркелді. Ақтөбе қаласы Сазды ауылында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның басқаруындағы "ВАЗ 2114" маркалы автокөлігін тоқтатып, көлік құралын мас күйінде басқарғандығы анықталды.

Биылғы жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңнамадағы өзгерістерге байланысты жүргізуші куәлігінен айырылып, алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізудің 7 фактісі анықталды. 

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңнамада бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе басқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы