Көлік комитеті Lloyd's Register Group ұйымымен келісімді тоқтатады

29 Желтоқсан 2022, 19:12
964
Бөлісу:
Көлік комитеті Lloyd's Register Group ұйымымен келісімді тоқтатады

Теңіз флотында қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін кемелердің техникалық жағдайы талапқа сай болуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Қазақстанда 286 теңіз кемесі тіркеліп, олардың жіктелуі мен техникалық куәландырылуын Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) ережелеріне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетімен расталған Қазақстанның кеме қатынасын тіркеу ұйымы мен осы бағытта маманданыдырлған шетелдік ұйымдар жүзеге асырады.

Бұл орайда ведомствомен 4 шетелдік ұйымның қызметі мойындалғанын айта кетейік. Олардың қатарында Ресей теңіз кеме қатынасын тіркеу ұйымы (РТКҚТ), Bureau Veritas Marine & Offshore SAS, American Bureau of Shipping (ABS) және халықаралық деңгейде танылып, әлемнің көптеген елінде жұмыс тәжірибесі қалыптасқан RINA S. p.a.  бар.  

Осы ретте Көлік комитеті тиісті шартты талапқа сай орындамағаны үшін 2023 жылдың 1-ші желтоқсаннан бастап Lloyd's Register Group (LR) шетелдік жіктеу ұйымымен арадағы келісімнің тоқтаталуы жөніндегі хабарламаны жібергенін айта кетейік.

Ведомство өкілдері кемелердің техникалық жағдайына қатысты мәселелер тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы