Көлгінов айналма жол құрылысының барысымен танысты

29 Қыркүйек 2019, 10:38
1682
Бөлісу:
Көлгінов айналма жол құрылысының барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс алаңын аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов «Оңтүстік-Батыс айналма» айналма жолының салыну барысымен танысты. Құрылысы жүріп жатқан төрт жолақты жолдың ұзындығы - 33 км. Сонымен қатар жол құрылысы кезінде көпірлер де салынатын болады.


"Әуежайдан басталған жол құрылысы Қосшы, Үркер, Көктал т.а. бағыттары бойынша жүреді, соңында ол Н.Тілендиев даңғылындағы (Астрахан тас жолы) жол торабына қосылады. Қазіргі уақытта онда көп деңгейлі жол айрықтарын салу, асфальт төсеу және жарықтандыру қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары қазақстандық өнім болып табылады. Құрылыстың аяқталуы транзиттік көліктерге қалаға кірместен айналма жол арқылы еркін жүруге мүмкіндік береді, бұл қала көшелеріндегі көлік қозғалысына оң әсерін тигізетін болады. Аталған жол қаланың айналма жолымен жалғанады, оның жалпы ұзындығы 128 км", - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы