Қолға түскен джиу-джитсу балуаны полицейлерді жарақаттады

3 Қазан 2019, 11:31
1583
Бөлісу:
Қолға түскен джиу-джитсу балуаны полицейлерді жарақаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық полиция штабының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеу полиция штабының баспасөз қызметі 24 жастағы ер адам құжаттарды қолдан жасады деген күдікпен ұсталған. Ұсталу барысында ол полицияларға қарсылық көрсетіп, екеуін жарақаттаған. Бұл туралы ria.ru сайтында хабарланды.

"1 қазанда Мәскеу Орталық әкімшілік ауданы Ішкі істер басқармасының жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Цветной бульварда жалған құжаттар жасады деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, екеуін жарақаттады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккен подполковник пен полиция капитаны дәрігер көмегіне жүгініп, көмек көрсетілгеннен кейін қызметін жалғастырды.
РИА Новости хабардар еткен дереккөзге сүйенсек, полиция джиу-джитсумен кәсіби түрде айналысатын балуанды ұстау кезінде зардап шеккен.
Өзгелердің жаңалығы