«Көлеңкелі» кәсіп қай салада басым?

21 Желтоқсан 2022, 12:17
1072
Бөлісу:
«Көлеңкелі» кәсіп қай салада басым?

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Біз жұмыстарды ақпараттық жүйе арқылы атқарып жатырмыз. Біздің 54 бағыттан тұратын айқын жоспарымыз бар. Оның 20-сы осы жылы орындалды және 26-сы Кірістер комитетінің құзіретінде. Және де 14 бағыт бойынша басқа органдармен қосылып жұмыс істеудеміз. Мұның бәрі өзінің нәтижесін беріп жатыр. Мәселен, осы жылдың өзінде көлеңкелі бизнес 19,75 пайызға төмендеді, - деді Данияр Жанәлінов орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.  

Оның айтуынша, комитет 2025 жылға дейін көлеңкелі экономиканы 15 пайызға түсіруді жоспарлап отыр.

Бізге көп нәрсе белгілі. Көлеңкелі экономика еліміздің көлік саласында, арнайы қоймалар орнында және кеңінен таралған сату саласында басым. Бірақ бұған қарамастан тиісті жұмыстар жүргізіп, арнайы шаралар нығайтылып жатыр, -  деді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы