Көлден 25 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті салынған көлік табылды

25 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті су астындағы көліктен табылды. Сүңгуірлер бұл олжаға басқа адамды іздеу кезінде кездейсоқ тап болған.

Бүгiн 2026, 20:33
АВТОР
 Andrew Kelly/Reuters Бүгiн 2026, 20:33
Бүгiн 2026, 20:33
203
Фото: Andrew Kelly/Reuters

АҚШ-тың Иллинойс штатында 2025 жылы тоғаннан табылған адам сүйегінің кімге тиесілі екені анықталды. Бұл туралы People басылымы жазды.

Сүңгуірлер 2025 жылдың қыркүйегінде су түбінен адам сүйегі жатқан суға батқан көлікті тапқан. Дайверлердің айтуынша, олар сол сәтте басқа жоғалып кеткен адамды іздеп жүрген және көлікке кездейсоқ тап болған.

2026 жылдың мамыр айында табылған мәйіттің осыдан 25 жыл бұрын жоғалып кеткен Джон Пизано-кішіге тиесілі екені анықталды.

Марқұмның туыстары оның өмір бойы психикалық дертпен күрескенін айтқан.

Өмірі қиындықтар мен жоғалтуларға толы болса да, Джонды оның рухы, ерекше стилі, музыка мен биге деген сүйіспеншілігі және отбасына деген терең махаббаты үшін еске алады, – делінген некрологта.

Наверх