«Қолдау» платформасын Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру мәселесі көтерілді

3 Сәуір 2021, 13:24
1447
Бөлісу:
«Қолдау» платформасын Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру мәселесі көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев Жер комиссиясының отырысында жұмыс тобының отырысында «Қолдау» платформасын Қаржы министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру туралы мәселе көтерілгенін айтты.

Жер комиссиясының бірінші отырысында Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша космомониторингін жалғастырудың өзекті мәселесі көтерілді. Атап айтқанда жерлердің өзекті деректерін алу үшін космомониторинг сервисі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері көтерілді, - деп атап өтті вице-министр.

Біріншіден, қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына қоғамдық, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдері кірді. Ақпараттық жүйелерді интеграциялауға қатысты барлық сұрақ қысқа мерзімде іске асырылды.

Екіншіден, фермерлердің, қоғам мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, жерді тиімді пайдалану қағидаларына заңда белгіленген мерзімде тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. 

Үшіншіден, «Қолдау» платформасын Қаржы министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру туралы мәселе көтерілді. 

Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдарға 15 сәуірге дейін қолдау қызметтерінің барлығын ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына беру жөніндегі жол картасын әзірлеу тапсырылды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес жұмыс басталып, белгіленген мерзімде аяқталады, - деп түсіндірді Руслан Манатаев.
Айта кетейік, отырыс барысында жер құқығының сарапшысы Бақытжан Базарбек ауылдық елді мекеннің маңында арнайы радиусты құру керек екенін айтты.

Сонымен қатар жерге орналастыру жұмысын лицензиялауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы