«Көкжиде» су қорын сақтап қалу үшін екі министрлік бірлесіп жұмыс істейді

9 Қыркүйек 2022, 06:39
1121
Бөлісу:
«Көкжиде» су қорын сақтап қалу үшін екі министрлік бірлесіп жұмыс істейді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі «Көкжиде» су қорын сақтап қалу үшін білігіп жұмыс істейді. Қазір бұл аумақта бес компания мұнай өндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Көкжиде» кен орнында қазір бес компания мұнай өндіріп жатыр. Олар: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «КМК Мұнай» АҚ, «Ада Ойл» ЖШС, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктеу Оперейтинг» ЖШС-і. Барлық мұнай-газ команиясы қазір ұңғылау жұмысын жүргізіп жатыр. «Көкжидедегі» су қорын сақтауда мұнай өндіру қауіпті күшейте түседі. Сондықтан тексеру жиілеп, Экология министрлігі мен Энергетика министрлігі бірлескен жоба әзірледі.

Мұндай компанияларының «Көкжиде» су қоры аумағында тұрған ұңғымалары жіті бақылауға алынды. Экология министрлігі аса қауіп төніретін, таза суды ластайтын ұңғымаларды жабу ұсынысын бермек. Өзім кен орнында болып, мұнай өндіру технологиясымен таныстым. Мұндағы құбырлар бес қабаттан тұрады. Бетонмен көмкерілген. Яғни, жан-жақты қорғалған. Дегенмен біз жыл соңына дейін барлық компанияны тексереміз. Себебі тәулігіне 173 мың текше метр су алуға болатын қорды сақтап қалу, оны қажетімізге жарату қажет, - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов.

Айта кетейік, 2006 жылы Үкімет қаулысымен «Көкжиде» мемлекеттік табиғи қорық қоры қатарына қосылды. Ал 2011 жылы «Көкжиде» жерасты суы табиғи қорық қоры қатарына енді. 2009-2019 жылдары аралығында әкімдіктің тапсырысы бойынша 38 ұңғымада экологиялық тексеру жүргізілді. Бүгінге дейін ұңғымаларда бақылау жүріп, бірен-саран судың ластануы тіркелді. Кейін мониторингке алынған ұңғыма саны 103-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы