Көктемгі су тасқыны. Елорда аумағында алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

5 Сәуір 2022, 16:11
1907
Бөлісу:
Көктемгі су тасқыны. Елорда аумағында алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бауыржан Бейсенханов мәлімдеді. 

Қала бойынша бізде 25 су тасқыны қаупі бар учаске бар. Қазіргі таңда аталған учаскелерде арнайы техникалармен жеке құрам тіркелген. Жеке құрамға 169 адам, 99 техника, 34 мотопомпа және 2 қайық бекітілген. Оған қоса, ТЖД қала әкімдігі, коммуналдық қызметпен бірлесе отырып, көктемдегі басты мәселелердің бірі – қар шығару жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні қала аумағынан 4,5 млн текше метрден астам қар қаланың шетінде белгіленген 7 қар полигонына шығарылды, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

 Сондай-ақ ол астанада арық-науа жүйелері бар екендігін алға тартты.

Жалпы қала аумағында 53 700 арық-науа жүйесі болса, бүгінгі күні 41 мың м арық-науа жүйесі тазартылды. Суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 сәуірден бері қала ішінде 69 мың текше метр су сорылды. Қазіргі деректер бойынша су басқан үйлер мен аулалар тіркелген жоқ, - деді Бауыржан Бейсенханов. 

Өзгелердің жаңалығы