"Көктем тек күнтізбеде". Наурыздағы күн райы анықталды

28 Ақпан 2024, 15:30
9859
Бөлісу:
"Көктем тек күнтізбеде".  Наурыздағы күн райы анықталды
Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 29 ақпан және 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың болжамынша, күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен күн жылына қоймайды.

Күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен қыс аяқтала қоймайды. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынына қарамастан, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын жауып, жел күшейеді. Температуралық фон да теріс мәндерін сақтайды, яғни ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның батысында күндіз термометрлердің бағандары 10 градусқа дейін жоғарылап, жылынады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы