«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

3 Наурыз 2022, 13:10
1394
Бөлісу:
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында "Көктем–2022" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. 

Оқу-жаттығуға басшылық ету Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (республикалық азаматтық қорғау қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар), облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінен, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің бөлімшелерінен, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінен және Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша жедел топтарды тарту жоспарлануда.

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Төтенше жағдайларды жою бойынша трансшекаралық іс-шараларды пысықтау шеңберінде елдің шекара маңындағы өңірлерінде жедел ақпарат алмасу бойынша кезекші қызметтердің Ресей ТЖМ бөлімшелерімен өзара іс-қимылы пысықталатын болады.

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы Оқу-жаттығуды өткізу форматы жаппай су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу оның ішінде төмендегілер бойынша бірыңғай кешенді міндетті шешуде де жалғасатын болады: 

- елді мекендерден қар және ғимараттар мен құрылыстардың шатырларынан мұз шығару, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерден, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарынан;

- арықтарды, каналдарды, автомобиль және теміржол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын сең жүру мен тасқын суларды өткізуге тазалау және дайындау;

- қорғаныс бөгендерін, бөгеттерді және үйілме құрылыстарды нығайту;

- зардап шеккен халықты уақытша орналастыру орындарының (эвакуациялық пункттердің) әзірлігін тексеру.

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою бойынша әзірлікке келтіру және шешімдер қабылдау бойынша «Дабыл-1001» және «Тасқын-2002» екі негізгі сигнал бойынша теориялық және практикалық іс-қимылдар пысықталатын болады.

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Қабылданған алдын алу шаралары ағымдағы жылдың көктемгі кезеңінде тасқын судың салдарын барынша азайтуға және келтірілген залалды төмендетуге мүмкіндік береді.

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы