"Қазгидромет" РМК бүгін, 22 наурызда Қазақстанның 13 өңірінде, сондай-ақ Астанада қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Бірқатар өңірлерде де тұман мен көктайғақ болжануда. Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында түнгі және таңғы уақытта көріну деңгейі төмендеп, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болжанса, кей жерлерде тұман мен күшейген жел (15–20 м/с) байқалады.
Шығыс Қазақстан, Абай және Маңғыстау облыстарында да тұман күтіледі, кей өңірлерде жауын-шашын мен найзағай болуы мүмкін.
Синоптиктер жолда сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.