Көкталға газ беру қалпына келтірілді – әкімдік

30 Қараша 2022, 05:13
630
Бөлісу:
Көкталға газ беру қалпына келтірілді – әкімдік

Астанадағы «Көктал-1» шағынауданында апат салдары жойылып, барлық абонентке газ беру қалпына келтірілді, деп хабарлайдыBAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша «Көктал-1» тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пунктер шкафтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – делінген ұсынылған мәліметте.

Бүгін таңертеңгі сағат 9.00-ден №15 және №16 тарату пунктеріне жалғанған абоненттерге газ беріле бастады. Ал үшінші газ тарату пунктіне жалғанған 75 абонентке жылжымалы бу агрегаты қызмет көрсетеді. «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппаратында осы мәселе бойынша штаб құрылды. Аудан әкімдігі газсыз қалған үйлерге көмір жеткізуді ұйымдастырып жатыр», - делінген еді мәліметте.

Көкталға газ беру қалпына келтірілді – әкімдік

Еске салсақ, кеше кешке аталған шағынауданда құрылыс техникасының кесірінен 236 абонент газсыз қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы