Көкталда қосымша білім беру орталығы ашылды

1 Қыркүйек 2022, 21:18
1408
Бөлісу:
Көкталда қосымша білім беру орталығы ашылды
PHOTO
Фото: Оңалхан Өнерхан

Білім күні елордадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының төртінші қосымша білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Elorda.info сілтеме жасап.

Орталық 500-ге жуық баланы қамтиды.

«Шуақ» комьюнити орталығы балалардың бос уақытын пайдалы ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Орталықта музыка, тұлғалық даму, зияткерлік және көркем бағыттары бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Көкталда қосымша білім беру орталығы ашылды

Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Айгүл Жабаева 15 қыркүйекке дейін балаларды тіркеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Көкталда қосымша білім беру орталығы ашылды

Қосымша білім беру орталығына тіркелу арнайы MINDAL порталы арқылы іске асырылады. Ол жерде үйірме түрлері және сабақ кестесі құрылған. Ата-ана өзінің және баласының ЖСН нөмірін тіркейді, кейін баланың суреті мен медициналық анықтамасын жүктейді. Дәл осылай порталға тіркелген соң үйірме түрін таңдайды. Тіркеуден өткен балалар жас ерекшелігіне байланысты топқа бөлінеді,- дейді Айгүл Жабаева.

Орталықта 10-ға жуық педагог күніне 30 шақты балаға тегін қосымша білім береді. Аптасына екі рет ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, шет тілдерін үйрену, шахмат ойнау, сурет салу және қолөнер үйірмелерін өткізу жоспарланған.

Көкталда қосымша білім беру орталығы ашылды

Айта кетейік, елордада 11 қосымша білім беру мекемесінің 152 филиалы жұмыс істейді. Оған астаналық 30 мыңнан аса оқушы барады. Нұр-Сұлтан қаласында қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша орта білім беру мекемелерінде де ата-аналар сұранысына байланысты үйірмелер өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы