Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Көлік қағып кеткен әйел ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Бүгiн 2026, 12:46
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат Бүгiн 2026, 12:46
Бүгiн 2026, 12:46
111
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйелге қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға автотұрақ аумағында болған. Көлік қағып кеткен әйел ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған. Марқұмның артында 12 жастағы баласы қалған.

Сот отырысында айыпталушы рөлге күйеуінің денсаулығы күрт нашарлағандықтан отырғанын айтқан. Оның сөзінше, көлікті жүргізуге жұбайы рұқсат берген. Алайда әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған.

Сот оның кінәсі өз айғақтарымен, куәгерлердің жауаптарымен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденгенін атап өтті.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындап, өкінетінін, марқұмның туыстарына моральдық өтемақы төлегенін ескерген. Сонымен қатар жәбірленуші тарап та әйелді бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Нәтижесінде сот әйелді 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеу үш жылға кейінге шегерілді.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы Сарыарқа шағынауданындағы аулалардың бірінде болған. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші әйел көз жұмды.

Сондай-ақ, Көкшетаудағы апатқа қатысты жаңа дерек шыққанын жазған едік.

Наверх