Көкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды

21 Желтоқсан 2020, 09:36
2041
Бөлісу:
Көкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше кешке сағат  21:14-те Көкшетау қаласында Васильковский мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылған.

Өрт шықпаған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршілер мен куәгерлер алты бала мен екі ересек адамды құтқарған. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Көкшетауда газ баллоны жарылып, 11 адам құтқарылды

Жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден төрт литрлік газ баллонын алып келген. Айта кету керек, көп қабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Үй иесінің неліктен үйге, газ баллонды пәтерге кіргізгені анықталуда. Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жедел жәрдем көлігінде екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД 21 қызметкері, жеті техника, тоғыз полиция қызметкері және үш жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді, - делінген хабарламада.




Өзгелердің жаңалығы