Көкшетауда тұрғын үйге «бомба» қойған ер адам ұсталды

18 Қазан 2022, 07:23
2613
Бөлісу:
Көкшетауда тұрғын үйге «бомба» қойған ер адам ұсталды

Көкшетауда тұрғын үйге бомба қойылғаны туралы хабарлап, жұртты дүрліктірген күдікті анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 17-де Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығының «102» желісіне белгісіз ер адам хабарласып, тұрғын үйдің аумағында жарылғыш құрылғы қойлығанын айтқан.

Осыған байланысты айтылған үйдің аумағы қоршалып, тұрғындары эвакуацияланды. Жарылғыш затты іздестіру шараларына саперлер мен иісшіл иттер тартылды. Нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ, - деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, полиция қызметкерлері бірден жалған хабар берген жергілікті тұрғынды анықтады.

Мас күйде болған ер адам өзінің әрекетін «бомба» қойылған үйдегі дүкенде жұмыс істейтін, бұрын бірге тұрған әйелдің назарын өзіне аудармақшы болғанын айтып ақталмақшы болды. Қазірге кезде, Қылмыстық кодекстің 273-бабы «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп толықтырды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы