Көкшетауда пәтерден өрт шығып, төрт адам эвакуацияланды

22 Қыркүйек 2026, 19:45
АВТОР
 видеодан скриншот 22 Қыркүйек 2026, 19:45
22 Қыркүйек 2026, 19:45
175
Фото: видеодан скриншот

Көкшетауда көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Үй заттары мен жиһаз жанған.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар баспалдақ арқылы екі адамды қауіпсіз жерге шығарды. Тағы екі адам эвакуацияланды. Сонымен қатар пәтерден газ баллоны шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Наверх