Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

 ҚР ТЖМ Бүгiн 2026, 18:49
Бүгiн 2026, 18:49
263
Фото: ҚР ТЖМ

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себеп болған.

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел аттанды. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт ошағы қысқа уақытта оқшауланып, жалынның жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қауіптің ауқымды болғанына қарамастан, зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көрші нысандарды өрттен аман сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Наверх