Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдейтін орталық ашылды

2 Наурыз 2021, 12:35
6102
Бөлісу:
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдейтін орталық ашылды

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер» жалпыұлттық марафоны аясында Көкшетауда «Дарын-2» спорттық-дамыту орталығы іске қосылды. Жаңа нысанның артықшылығы, мұнда денсаулығында кінараты бар балалар оңалту курсынан өтіп, спортпен де тұрақты айналыса алады.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Дарын-2» орталығының ғимаратын аралап көріп, еңбек ұжымы – логопед, психолог мамандары және тәрбиешілермен жүздесті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың сұранысқа ие нысандарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету өмірлік қажеттілік» деген болатын. Денсаулығында кінәраты бар адамдардың жылдар бойы көшеге де шыға алмайтыны ақиқат. Өңірде ерекше қажеттілігі бар жандар үшін спорттық нысандардың әрдайым қолжетімді болуы басты назарда ұсталуда. Бұған дәлел – облысымызда екі бірдей «Дарын» спорттық-дамыту кешенінің бой көтеруі. Сондай-ақ биыл балалар оңалту орталығының құрылысы басталады, - деді өңір басшысы. 
Былтыр жеке компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың демеушілігімен Ақмола облысының қоян-қолтық күрес федерациясы алғашқы «Дарын» кешенін ашқаны белгілі. Аталған орталық 80 орынға лайықталған. 

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдейтін орталық ашылды

2020 жылдан бастап Аршалы, Ерейментау, Есіл, Целиноград аудандары, Біржан сал сияқты облыстың бес өңірінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Щучье қаласында спорт сарайын салу жоспарлануда. Аршалы және Біржан сал аудандарында аталған нысандардың құрылысы аяқталды, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев. 

Ақмола облысының қоян-қолтық күрес федерациясының жетекшісі Алма Хамитованың айтуынша, кешеннің негізгі міндеті – барлық жастағы мүгедектігі бар балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ оларды бейімдеу және оңалту. 

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдейтін орталық ашылды

Орталық спорттық секциялар, оның ішінде қоян-қолтық ұрыс, брейкданс, спорттық би үйірмелері, фитнес-микс, хореография, шешендік өнер, мектепалды дайындық топтары жұмыс істейді. Спорт кешенінде 250-ге жуық балақамтылады, оның 60-ерекше қажеттіліктері бар балалар. Олармен жұмыс істеуге логопед, психолог, дефектолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, тәрбиешілер тартылады, - дейді Алма Хамитова. 

«Дарын-2» жобасының арқасында мүмкіндігі шектеулі көкшетаулық балалар спортпен толыққанды айналысуға мүмкіндік алады. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша аталған жобаға облыстық бюджеттен 53 млн теңге қаражат бөлінді.


Өзгелердің жаңалығы