Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қайтыс болды

9 Тамыз 2023, 23:39
608
Бөлісу:
Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қайтыс болды
Фото: Нұркен Алишев

Көкшетауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 тамызда сағат 19.40-та Көкшетау қаласындағы Дмитриев көшесінің қиылысында болған.

24 жастағы Toyota Camry маркалы автокөлік жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, Kawasaki маркалы мотоциклмен соқтығысқан. Автокөлік мотоциклге жол бермеген. Салдарынан 45 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, - дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік Көкшетау қаласының мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Өзгелердің жаңалығы