Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге арналған конференция өтті

15 Қараша 2022, 17:41
1199
Бөлісу:
Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге арналған конференция өтті
PHOTO

Көкшетауда Кеңес Одағының батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 107 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға қатысушылар алдымен батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында өткен конференцияға университет курсанттары, оқытушылар, мәдениет, білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге арналған конференция өтті

Конференцияны ашқан азаматтық қорғау академиясының бастығы Сырым Шәріпханов Мәлік Ғабдуллин есімі берілген жоғары оқу орны үшін оның есімін алып жүру оқытушылар, курсанттар үшін де абырой және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. 

Мәлік Ғабдуллин ерлігінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі зор. Ол өз шығармашылығында көтерген патриотизмге қатысты мәселелер бүгінгі күнге дейін өзекті. Батыр құрметіне іс-шаралар өткізу игі дәстүрге айналды. Академияның жоғары атағы өзінің қызметтік борышын абыроймен орындайтын кәсіби офицерлерді тәрбиелеуге міндеттейді, – деді ол.

Қатысушылар Мәлік Ғабдуллиннің ерекше адами қасиеттері туралы үлкен жылулықпен айтты.

Мәлік Ғабдуллиннің бойында сыпайылық, ақыл, табиғаттың кеңдігі, батылдық, әділдік, абырой – бәрі болды. Барша қазақстандықтар үшін Мәлік Ғабдуллин мәңгілікке мызғымас күш, батылдық, ұлттық рухтың символы болып қала береді. Оның өмірі-өскелең ұрпақ үшін үлгі, ерлігі кез келген адамның қадір-қасиеті оның патриотизмінің күшімен өлшенетінін растайды, - деп атап өтті ҚР Тұңғыш Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары Абай Тасболатов.

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге арналған конференция өтті

Конференция жұмысы аясында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда батырдың құрметіне жазылған шығармалар, оның кітаптары, замандастарының естеліктері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі туралы өлеңдер, мақалалар топтастырылды.

Мәлік Ғабдуллин ұлтын сүйген ұлы адам ғана емес, сонымен бірге ерекше өмірлік сенімі бар адам болды. Ол ешқашан өз халқын, өз ұлтын шексіз жақсы көретінін жасырмады. М.Ғабдуллиннің қан майданда басынан өткерген әскери өмірі туралы еңбектерінде өмірдің қызықты және жасырын құпиялары, қорқақтық, шыдамдылық пен ар-намыс, достық пен дұшпандық туралы әңгімелейді. Мәлік Ғабдуллин өз заманында көрнекті ғалымдар, жазушыларымен тығыз адами, достық байланыста болды. Олар бір-бірін жан-жақты қолдап, кеңестерімен бөлісті, – дейді қалалық медицина ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Жанәділов.

Бүгінде Мәлік Ғабдуллин есімі кез-келген қазақстандыққа жақсы таныс. Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендері, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған батырдың ерліктері туралы көптеген өлеңдер мен әндер жинақталған. 

Соғыстан кейінгі бейбіт уақытта ол тынымсыз еңбек етті. Соғыс туралы орасан зор фактологиялық материалдарды өңдеді, бірқатар ғылыми монографиялар, оқулықтар, көркем шығармалар жазды. Өйткені бұл білімді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу керектігін терең түсінді, –деп атап өтті баяндамашылар.

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинге арналған конференция өтті

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серік Негимов батырдың ағартушылық қызметі туралы айтып берді. 

Мәлік Ғабдуллин білім сапасына үлкен мән бергені белгілі. Соғыс басталған тұста ол өз еркімен майданға сұранады. Халық жадында ол батыр ретінде ғана емес, сонымен қатар профессор, академик, бірқатар шығармалардың авторы ретінде қалды. Оның адами қасиеттері батырды соғыс кезінде де, бейбіт уақытта да ерекшелендірді. Қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин араласқан орта – ғылым, өнер, мәдениет саласының өкілдері, майдангерлер, студент жастар, оқушылар, қалың бұқара халық еді. Шын мәнінде, Малик Габдуллиннің даңқы мен беделі алысқа тарады, – деді ол. 

Шара аясында Мәлік Ғабдуллинге арналған өмірбаяндық кітаптың тұсаукесері өтті.

Өзгелердің жаңалығы