Көкшетауда ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды

14 Желтоқсан 2022, 16:16
757
Бөлісу:
Көкшетауда ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды

Бүгін WhatsApp мессенджерінің «Көкшетау экскаваторлары» чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтты.

Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркілеген. Сараптама тағайындалды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында «құпия» деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған.

Өзгелердің жаңалығы