Көкшетауда ер адам танысының телефонынан 2 миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлап алған

Жалпы шығын 2,6 миллион теңгеден асты. Күдікті ұсталды.

 istockphoto.com 11 Қазан 2026, 09:19
11 Қазан 2026, 09:19
243
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда полиция ұялы телефон мен банк депозитіндегі ақшаның ұрлануына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті танысының құны 660 мың теңге тұратын смартфонын иемденіп, кейін оның жинақ шотынан 2 миллион теңгеге жуық ақша аударған.

Полицияға 21 жастағы қала тұрғыны ұрлық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, шілде айында танысы телефонын иемденіп, құрылғыда орнатылған банк қосымшасын пайдаланған.

Күдікті қосымша арқылы жәбірленушінің депозитінде жатқан 1 миллион 990 мың теңгені өз шотына аударған. Жалпы шығын 2,6 миллион теңгеден асты.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды жеке құрылғылары мен банк қосымшаларын қорғауға мұқият болуға, сенімді құпиясөздер орнатып, қаржылық операцияларды растау тетіктерін пайдалануға шақырады.

Наверх