Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.

 скрин 28 Шілде 2026, 08:55
28 Шілде 2026, 08:55
215
Фото: скрин

Көкшетауда ер адам салонда иесі ұйықтап жатқан көлікті мініп кеткен.

Түнде дәмханадан шыққан 26 жастағы Петропавл тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған. Ал бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.

Күдікті шамамен 10 метр жүргеннен кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.

Наверх