«Көкшетау» ұлттық паркіне экологиялық сараптама жүргізіліп жатыр

1 Маусым 2022, 14:23
2153
Бөлісу:
«Көкшетау» ұлттық паркіне экологиялық сараптама жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.  

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының биыл наурыз айында берген тапсырмасына сәйкес Имантау-Шалқар курорттық аймағында туризмді дамыту үшін пилоттық жоба ретінде инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жеке инвесторларды тарту үшін Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына берілген.

Осыған байланысты, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп жатқан «Көкшетау» ұлттық паркінің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары түзетілді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Экология министрлігіне мынадай мәселелер бойынша құзырет беру бөлігінде бірқатар түзетулер пысықталып жатыр. Бірінші, халықты қауіпті табиғи құбылыстардың әсерінен қорғау және сел-көшкін қорғау құрылыстарын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Екінші, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларын жүргізу бөлігінде инфрақұрылым салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлерін ауыстыру қажет.

Үшінші, ерекше қорғалатын табиғи аймақ ішіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды елді мекендердің жерлерге  көшіру. жалпы ұлттық парктердегі экологиялық туризмді одан әрі дамыту үшін әкімдіктер ұлттық парктерге инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарын жалғастыруы қажет. Өз кезегінде, министрлік инвестициялар тарту және азаматтарды экологиялық ағарту арқылы табиғатты сақтауды ескере отырып, туристерге ұлттық парктер аумағында қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастырады, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы