Қоқиқаздар туралы видеосымен танымал автор аққулар жайлы клип түсірді

8 Желтоқсан 2020, 13:19
2217
Бөлісу:
Қоқиқаздар туралы видеосымен танымал автор аққулар жайлы клип түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізіне ұшып келген аққуларды видеоға түсіріп алды.

Аққулар қыстап жатыр. 100 метр жерде осындай сұлулықты көргенде өзіңді ұстау қиын, - деп жазды автор Facebook парақшасында.
Ол салмағы 200 грамм ғана болатын Mavic mini 2 квадрокоптерімен видеоға түсірген екен.
Аққулар Rixos Water World Aktau қонақ үйінің дәл алдында жүрді. Осы уақытқа дейін қорғалатын аймақ жолдың арғы жағында орналасқан деген белгі мен ешқандай ақпарат жоқ, - деп қосты Ақтау тұрғыны.

14 қарашада Азамат Сәрсенбаев осы аймаққа ұшып келген қоқиқаздар легін видеоға түсіріп алған болатын. Бұл видеоны қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары ғана емес, сонымен қатар әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіп, өз сайттарында орналастырды. Видео әлеуметтік желілерге тарап, оны миллиондаған адам тамашалады. 

Кейіннен видео авторы Азамат Сәрсенбаевты «Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту әрекеті болғандығы туралы хабарланған. Өйткені ол қорғалатын аймақта түсірілім жасаған. Осы жайтты қарастыру кезінде А. Сәрсенбаевқа айыппұл салынбайтын болды. Видео авторымен профилактикалық шаралар жүргізілді. 

Өзгелердің жаңалығы