Қоғамдық ұйымдар грантты қандай тәртіппен алады?

22 Сәуір 2021, 13:00
1872
Бөлісу:
Қоғамдық ұйымдар грантты қандай тәртіппен алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту мәселелері туралы брифингте айтты.


Министрлік волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеген болатын. Ол волонтерлік бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етіп, азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын жандандыруға, волонтерлік мәдениетті одан әрі нығайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, - деді ол.


Ол атағандай, бұл - үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік тетіктерін жетілдіру. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыруға қатысты.

Нақты айтар болсақ, көптеген сарапшының ой-пікірі мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын есекере отырып, әлеуметтік гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, - деді ол.


Тілеповтың айтуынша, қоғамдық кеңестер грантты жұмыс мерзіміне қарай алады.

Оның аясында елімізде қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар сияқты грант түрлерін енгізу ұсынылады. Осылайша, жұмысы тұрақты жолға қойылған қоғамдық ұйымдар «орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар» ала алады, ал жұмыс тәжірибесі аз үкіметтік емес ұйымдар тек «қысқа мерзімді» гранттарға үміткер бола алады. Әрине, бұл-жалпылама сипат. Аталған заңнамалық бастамалар, үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қатысуымен, әлі үлкен қоғамдық талқылаулардан өтетін болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы