Кофені тәттімен бірге ішуге болмайды – дәрігер

20 Маусым 2021, 21:35
2092
Бөлісу:
Кофені тәттімен бірге ішуге болмайды – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Челябинск қаласындағы «Борменталь» клиникасының салмақ тастау жөніндегі маманы Павел Исанбаев кофені тәтті тағамдармен бірге ішудің қаупін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Кофе құрамында антинутриенттер – тағамнан алынатын микроэлементтер мен дәрумендердің сіңуіне кедергі келтіретін заттар болады. Осылайша, бұл сусынды тамақ арасында ішкен дұрыс, - дейді дәрігер.
Ол адамдардың кофені көбіне тәттімен: қантпен, десертпен ішетінін атап өтті. Бірақ кофені тәттімен қатар ішуге болмайды. Сусын қандағы глюкозаның деңгейін уақытша жоғарылатады. Әдетте бұл адамға күш пен сергектік береді. Алайда кофеиннің әсері аяқталғаннан кейін ағза «қалыпты» күйіне келеді.

Кофемен бірге тәтті жесек, онда ағзадағы глюкозаның мөлшері шамадан тыс жоғарылайды, содан кейін күрт төмендейді. Гипогликемия пайда болуы мүмкін. Оның негізгі белгілері: әлсіздік, бас айналу, суық тер, ұйқышылдық. Бұл жағдай кейбіреулерде айқын көрініс тапса, екіншілерде аз байқалады. Адам ағзасына байланысты. Кофеден кейінгі метаболизм басқаша, сондықтан өзіңіздің ағзаңызды бақылаңыз, - дейді Павел Исанбаев.

Өзгелердің жаңалығы