Елімізде климаттық нормадан 3…6°С төмен ауа температурасы сақталады

4 Қыркүйек 2019, 14:10
2201
Бөлісу:
Елімізде климаттық нормадан 3…6°С төмен ауа температурасы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

«Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронттар еліміздің ауа райына әлі де ықпал етуде.

«Циклон мен атмосфералық фронттар Қазақстанның ауа райына ықпал етуін жалғастырып, жаңбыр, күшті екпінді жел және оңтүстікте найзағай күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда циклон орталығының өтуімен кей жерде қатты жаңбыр, сондай-ақ күздің негізгі сипаты ретінде тұман болжанады, соған байланысты түнгі және таңғы уақытта жолдың көріну қашықтығы 200-500 м дейін нашарлайды», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Республиканың батыс аймақтарына антициклон ығысып, жаңбыр басылады.

Ал ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аймағында климаттық нормадан 3…6°С төмен сақталады.


 

 

 

Өзгелердің жаңалығы