Биыл жазда Еуропада аса қатты аптап ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
NOAA америкалық климаттық зерттеулер агенттігі еуропалықтар екінші жыл қатарынан ыстық жазды бастап кешіреді деп болжам жасады.
2023 жылы бүкіл әлемде «Эль-Ниньо» құбылысы – жылы мұхит суларының ығысуы орын алуы ықтимал. Оның жылы фазасы кезінде теңіздің жылулығы биік ендікке көтеріліп, булану кезінде атмосфераға шығарылады.
Жаһандық рекордтық температурамен қатар, «Эль-Ниньоның» өте күшті фазасы болуы әбден мүмкін. Биыл Еуропа үшін жаз тағы да ыстық болады. Былтырғыдай қатты құрғақшылық қайталануы мүмкін, - деді климатолог Карстен Брандта.
2022 жылы жазда «Ла-Нинья» табиғи құбылысының салдарынан 1850 жылдан бергі ең ыстық жаз тіркелген болатын. Алайда «Эль-Ниньо» әлемдегі ауа температурасын рекордтық жоғарылауға ұшыратуы ғажап емес.