Климат үшін күреске қанша қаржы қажет?

8 Желтоқсан 2021, 13:02
1148
Бөлісу:
Климат үшін күреске қанша қаржы қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күресте қандай шара қабылдайды? Осы мәселеге қатысты депутаттар Үкіметке сауал жолдады.

Мәжіліске ҚХП атынан сайланған депутат Айжан Сқакова атап өткендей, біздің ел жақында Глазгода өткен СОР26 жаһандық саммитіне қатысып, бірқатар келісімге, соның ішінде қорытынды құжатқа қол қойды.

Қорытынды құжат тараптарды технология әзірлеуді, енгізуді және таратуды жеделдетуге және төмен көміртекті стратегияларға көшу бойынша шара қабылдауға шақырады. Мұны электр энергиясының таза өндірісін енгізу аясын кеңейту және энергетикалық тиімділікті арттыру, көмірэнергетикасын біртіндеп қысқарту жөніндегі күш-жігерді жандандыру сондай-ақ энергетикалық субсидия есебінен жасау жоспарланып отыр, - деді ол.

Айтуынша, Қазақстан үшін барлық проблема көмірге келіп тіреледі. Себебі ол- парниктік газ шығарындысының негізгі көзі. Атап көрсетерлігі саммитке қатысушы елдер озон қабатын бұзатын метан шығарындысын азайту келісіміне де қол қойды. Бұл Қарағанды облысындағы шахтада болған төтенше жағдайдан кейін біз үшін өте маңызды.

Көміргазға алмастырылуы тиіс. Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. Алматыдағы ЖЭО-2-де толығымен газ отынын пайдаланатын жаңа бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар біздің елорман отауды тоқтатуға бағытталған құжатқа қол қойды. Қазақстандық сарапшылар климаттың өзгеруіне байланысты пайда болып жатқан су тапшылығы мен құрғақшылық мәселесіне назар аударды. Іле Алатауы мұздықтары көлемінің қысқаруы мен аумақтың шөлейттенуі егін шаруашылығының тәуекелін арттырып жатыр, - деп айтты Айжан Сқакова Мәжілісте.

Бұл жеке қосалқы шаруашылықтарды шығынға ұшыратып, ел экономикасына теріс әсер етеді.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша CCPI (Climate Change Performance Index) рейтингіне сәйкес Қазақстан соңғы 64-орында тұр. ҚХП депутаттары Үкіметтен республиканың рейтингі неге төмендегенін және жағдайдықалай түзетуге болатынын анықтауды талап етті. Сонымен қатар біздің елде ұлттық климаттық саясаттың қандай құжаттары қабылданады, осыған байланысты қолданыстағы қандай стратегиялармен жобалар түзетіледі және үкімет саммитте қол қойылған келісімдерді орындау үшін қандай шаралар қолданады, Қазақстанның СОР26 жаһандық саммитіне қатысу қорытындысы бойынша жұртшылықпен ашық талқыла уұйымдастырыла ма? деген сұрақтарға жауап беруді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы