«Кітаппен қуаттан» атты кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

2 Шілде 2022, 12:30
2030
Бөлісу:
«Кітаппен қуаттан» атты кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы әкімдігімен бірлескен Елорда күніне орай «Кітаппен қуаттан» атты кітап көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 5 шілде күні сағат 11.00-де өтеді.

Кітап көрме-жәрмеңкенің мақсаты кітап оқуды қолдау, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, Елордамыз туралы әдебиеттерді кеңінен насихаттау, сондай-ақ отандық кітап баспаларының жаңа өнімдерімен таныстыру.

Кітап көрме-жәрмеңкесі аясында кешенді мәдени көпшілік шаралар: «Фолиант», «Эльдорадо» кітап үйі, «Алматыкітап» баспасы және басқа да белді кітап баспалары өнімдерінің жәрмеңкесі, Ұлттық қолжазбалар орталығының сирек қорлар көрмесі, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктердің ұйымдастыруымен көрмелер, «Балалар жылына» орайластырып, балалар әдебиеттерінің көрмесі, талантты балалардың өнерлері, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің арнайы шаралары, сондай-ақ суретшілердің, жеке авторлардың инсталляциялық көрмелері, қаламгерлердің қолтаңба беру рәсімі, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері және т.б. рухани шаралар ұйымдастырылу көзделеді, - делінген ақпаратта.

Ашық аспан астында өтетін іс-шарамызға арнайы шақырылатын зиялы қауым өкілдері, елшіліктер, қаламгерлер, суретшілер, иллюстраторлар, аниматорлар, БАҚ өкілдері, ата-аналар, оқырман балалар және Елорда тұрғындары қатысады деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы