Кіші Талдыкөл деген көл жоқ – Ұранхаев

8 Қыркүйек 2021, 17:06
5171
Бөлісу:
Кіші Талдыкөл деген көл жоқ – Ұранхаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Бас жоспарға қатысты ол жерде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Яғни, олар: балабақшалар мен мектептер, ауруханалар. Қазіргі таңда жер учаскесі біздің қарамағымызда. Ол жерді ешкім сатып алмады, - деді Ұранхаев.

Ол атағандай, елорда маңайында 7,5 мың көл бар.

Қазіргі таңда Майбалық, Талдыкөл, Есіл сынды көлдер бар. Кіші Талдыкөл елорданың көл қорының қатарында ешқашан болмады, - деді ол.

Нұрлан Ұранхаев атағандай, осы мәселені екі жыл бойы айтып келе жатқанын айтты.

Мен осыған дейін де көлдің тағдырына қатысты тұрғындардан сұрастырдым. Оған қоса 1976 жылғы суреттер бар. Онда Талдыкөлдің бары айқын көрініп тұр. Ал Кіші Талдыкөл жоқ. Ол жауын-шашын мен тұрып қалған сулардан жиналған көлшік. Сондықтан оны Кіші Талдыкөл деп атауға негіз жоқ, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы