Кіші Талдыкөл абаттандырылмаса, зорлаушылардың орнына айналуы мүмкін – эколог

8 Қыркүйек 2021, 17:18
4547
Бөлісу:
Кіші Талдыкөл абаттандырылмаса, зорлаушылардың орнына айналуы мүмкін – эколог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Байтақ болашақ» РҚБ Президенті Азаматхан Әміртай әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Кіші Талдыкөл жерінде құрылыс салуға наразы болып жүрген адамдар көлшікке барса, игерілмеген жер екенін көреді. Ол жерді саябаққа айналдырып, жақсы жағдай жасалмаса, зорлаушылардың орнына айналады. Оны білмейтін адамдар теріс пікір айтады. Ол қаланың ортасында орналасқандықтан 20 гектар жерді абаттандыру биоағзалар үшін де қолайлы жағдай тудырады. Игерілмеген жерді жөндеу үшін инвестиция керек. Мердігерлермен жұмыс жүргізілді. Осыны дұрыс түсіну керек, - деді Азаматхан Әміртай.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева көл маңайындады жағымсыз иіс те кететінін айтты.

Кіші Талдыкөлді терең тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бізге көлшікті сақтап қалуға байланысты күніне 2 арыз келіп түссе, ондағы маса мен жағымсыз иісті жою туралы 22 шағым келіп түседі. Көлдің жойылуы туралы байбалам салып жүргендер ол жерде тұрмайды. Жергілікті тұрғындардан иісті кетіру бойынша өтінімдер келеді. Сондықтан абаттандыру кезінде жағымсыз иіс те кетеді, -деді ол.


Өзгелердің жаңалығы