Еліміздегі кинотеатрлардың ең үлкен желісі көрермендеріне жаңа байқау ұсынды

11 Сәуір 2020, 17:34
1981
Бөлісу:
Еліміздегі кинотеатрлардың ең үлкен желісі көрермендеріне жаңа байқау ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы кинотеатрлардың ең үлкен желісі Kinopark және Kinoplexx  өз көрермендеріне жаңа іс-шаралар ұсынуды тоқтатпайды.

Еліміздің ең үлкен экрандарында жарқырағаңыз келсе, Kinopark және Kinoplexx кинотетрлары ұсынған байқауға міндетті түрде қатысуыңыз қажет! Жақын арада Instagram желісінде жаңа байқау - Kinostar.kz арқылы, еліміздің жаңа дарындарындарын танытпақшы! Байқаудың шарттары, үйде отырып  "Әттең,  киноға барғаным жақсы болар еді" тақырыбындағы күлкілі қысқа да нұсқа бейнеролик түсіру қажет. Қатысушылар мен сюжеттер саны шектелмеген, қиялға толық еркіндік берілген. Тек шектеу - бұл уақыт бір минуттан аспауы керек, - делінген таратылған ақпаратта.
Үздік бейнероликтер бір айдың ішінде, яғни 10 мамырға дейін жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалады. Instagram тілімен айтқанда ең көп "лайк" жинаған бейнетуынды еліміздің 20 кинотеатрында көрсетіледі. Атақты болу біреуімізге арман! Сол армандарымызды Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар жүесі орындамақшы. 
WhatsApp Image 2020-04-11 at 17.10.36.jpeg

Осылайша, компания осындай қиын уақытта өз көрермендеріне қолдау көрсетіп, жағымсыз эмоциялардан аулақ болуға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы