Әкімшілендіру шараларын күшейту 900 млрд теңгеден астам түсімді қамтамасыз етті – Жамаубаев

10 Маусым 2020, 10:44
1456
Бөлісу:
Әкімшілендіру шараларын күшейту 900 млрд теңгеден астам түсімді қамтамасыз етті – Жамаубаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында бюджет көрсеткіштеріне және Үкіметтің жылдық есебін талқылау кезінде туындаған маңызды мәселелерді шешу жолдары туралы айтып берді.

Кірістер бойынша жоспар трансферттерді есепке алмағанда 100,6%-ға орындалды, бюджетке 7,1 трлн теңге түсті. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық түрдегі шот-фактураларды міндетті түрде жазып беру іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша түсімдердің 1,5 есеге өсуін қамтамасыз етті, - деді министр. 
Жамаубаев корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 17%-ға өскенін атап өтті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыс қашықтықтан бақылаудың тиімділігін 36%-ға және салықтық тексерулердің тиімділігін 70%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте салықтық тексерулер саны 30%-ға төмендеді, - деді министр. 
Сондай-ақ министр Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада елге тауарлар әкелу мониторингі күшейгенін айтты. 
Қытай Халық Республикасымен екіжақты статистика бойынша алшақтық 53%-дан 48%-ға дейін төмендеді. Жалпы алғанда әкімшілендіру шараларын күшейту есебінен 900 млрд теңгеден астам түсімдер қамтамасыз етілді. Есепті қарау кезінде кіріс бөлігінің атқарылуы жөнінде ескертулер айтылды, - деді министр.  
Министр оларға қысқаша түсіндірме берді.
Корпоративтік табыс салығы түсімдерінің жоғары қарқынына қарамастан, оның үлесінің төмендеуі, негізінен қосылған құн салығы үлесінің 11 пайыздық пунктіге артуымен түсіндіріледі.Төлемдерге аванс беру есебінен республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы ескертуге қатысты. Бұл мәселе әдіснамалық сипатқа ие және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерін (АҚШ, Франция, Люксембург) қоса алғанда, халықаралық практикаға сәйкес келеді, - деді Жамаубаев. 

Министр атағандай, аванстық төлем механизмі ірі және орта бизнес субъектілерінің өздеріне де қолайлы.
2019 жылы жалпы ішкі өнімге шаққандағы шоғырландырылған бюджет салық түсімдерінің 17,9%-дан 17,6%-ға дейін төмендегені атап өтілді.Бұл жағдайға мұнайдың әлемдік бағасының 10%-ға арзандауы тікелей себеп болды, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы