Үкімет басшысы төтенше жағдайда сынға ұшыраған "Цифрлық Қазақстан" туралы айтты

28 Сәуір 2020, 11:56
3314
Бөлісу:
Үкімет басшысы төтенше жағдайда сынға ұшыраған "Цифрлық Қазақстан" туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында интернет желісін пайдаланушылардың үлесін 88 пайызға дейін жеткіземіз деп отыр.

Төтенше жағдай кезінде интернетпен тұрақты түрде қамтамасыз ету – Прездиент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында. Бүгінгі таңда интернет халықтың негізгі байланыс арнасына айналды. Ол сондай-ақ электронды сауда, онлайн-оқу, электрондық мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, қаржы және экономика, басқа да салаларда маңызды құрал болып отыр. Белсенді пайдаланушылар қатары артып келеді. Сол себепті "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 88 пайызға дейін, ал цифрлық сауаттылықтың деңгейі 83 пайызға жетеді, - деді Үкімет басшысы. 
Ол бұл міндеттерді осы жылдың соңына дейін жүзеге асыру – 5163 елдімекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты. 
Ауылдарда 7,6 миллионнан астам адам онлайн білім алуға, электронды саудаға қол жеткізеді. Осыған орай цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс орталықтарымен бірлесіп, жоспарланған елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру үшін барлық шараны қабылдауды тапсырамын. Әкімдіктерге антенналық-мачталық құрылыстарды салуға және байланыс желісін тартуға жер бөлуді, электр желісімен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді жүктеймін, - деді Асқар Мамин.
Өз кезегінде "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев жыл соңына дейін 5 163 ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылып, нәтижесінде ел халқының 99,3 пайызы 3G / 4G қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын айтты.
Компания 373 ауылды елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосты. Елімізде енгізілген төтенше жағдай мен карантин шараларына қарамастан жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр. 828 ауылдың 400-і сәуірдің соңына дейін, ал тағы 50-ге жуық елді мекенді мамырдың соңына дейін қамтымақпыз. "Оптика" желісін салу 10 облысында жүргізілуде,- деді Қуанышбек Есекеев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге көтерме тарату орталықтарына жер телімін бөлуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы