Кімдерге балмұздақ жеуге болмайды?

2 Шілде 2023, 19:28
1257
Бөлісу:
Кімдерге балмұздақ жеуге болмайды?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Дәрігерлер сүт ақуызына аллергиясы бар адамдарға балмұздақтан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал сүт қанты – лактозаны ыдырататын фермент лактазаның жеткіліксіздігі кезінде өнімді өте шектеулі мөлшерде тұтынуға кеңес береді.

Одан бөлек, қант диабеті, көмірсутек алмасуының бұзылуы мен панкреатит кезінде де рационнан балмұздақты алып тастаған жөн. Семіздік пен артық салмағы бар жандарға тәтті тісбасардан тіптен бас тарту қажет. Себебі – оның калориясы өте жоғары.

Айта кететін жайт, пломбир – өте калориялы өнім, 100 грамм өнімде шамамен 200-300 ккал бар. Оның үстіне, жылдам көмірсу мен майдың мөлшері де жоғары. Ал бұл ұйқыбезіне өте ауыр жүк түсіреді. Өйткені ұйқыбез инсулин мен ферментті көп бөлуіне тура келеді.

Ал жеміс-жидек мұзында егер ол барынша табиғи ингредиенттерден жасалған болса, калориясы аздау келеді.

Сондай-ақ қаптамада көрсетілген құрамына да назар аударған абзал. Нағыз балмұздақта пальма, кокос май сынды өсімдік майы мен сүт майын алмастырғыш болмайды.

Өзгелердің жаңалығы