Әкімдер ерекше назар аударуы қажет – АШМ

17 Наурыз 2020, 10:50
1094
Бөлісу:
Әкімдер ерекше назар аударуы қажет – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров егіс науқанына байланысты әкімдерге ұсыныс айтты.

Тұқым дайындау мәселесі мен олардың сапалық көрсеткіштері аса маңызды болып табылады. Фермерлердің отандық және импорттық селекцияның сапалы тұқымдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялау тетігін өзгерту жоспарлануда. Субсидияны тұқымды Қазақстаннан алғандар да, шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алғандар да ала алады. Ескі тетікте бұл көзделмеген еді, - дейді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына бірегей тұқым сатып алған жағдайда қолдау көрсетіледі.
Әкімдіктер тұқымның сапалық көрсеткіштеріне, олардың сұрып және егіс сапаларына сәйкестігіне ерекше назар аударуы қажет. Ағымдағы сәтте құйылған тұқымның жалпы көлемінің 77,4%-ы ғана тексерілді, егіс стандартының талаптарына олардың 56%-ы, оның ішінде 1-сыныпқа 38%-ы, 2-сыныпқа 10%-ы, 3-сыныпқа 8%-ы сәйкес келеді,- дейді министр.

Ведомство басшысы бүгінгі күні дәнді дақылдардың себілетін тұқымдық материалын 100 пайыз өңдеу қамтамасыз етілмейді деп отыр.
Осыған байланысты облыс әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердегі тұқым материалының егіс сапасын уақтылы тексеруді және тұқымдарды дайындау мен дәрілеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды ұсынамыз, - дейді Сапархан Омаров.



Өзгелердің жаңалығы