Ким Чен Ын КХДР халқына бейбітшілік тіледі

1 Қаңтар 2021, 15:05
1285
Бөлісу:
Ким Чен Ын КХДР халқына бейбітшілік тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын өзінің дәстүрлі жаңа жылдық Жолдауында «ел халқына тыныштық» тіледі. Бұл туралы korrespondent.net Кореяның орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) сілтеме жасап хабарлады.

Ел басшысы 2021 жылы КХДР ел халқының «идеалы мен ұмтылысы» іске асырылатын жаңа дәуірге жақындайтынын атап өтті.

Еліміздің барлық шаңырағына шын жүректен бақыт, ал сүйікті халқына бағалы тыныштық тілеймін, - деп КХДР басшысы құттықтау сөзінде. 

Сондай-ақ, Ким Чен Ын биылғы жылы да ел халқының «идеалы мен ұмтылысы» іске асырылатын жаңа дәуірді жақындату үшін күресетінін атап өтті.

Мемлекеттік Кеңес төрағасы жаңа жылдық Жолдауында оның «ұлы халыққа деген шексіз адалдығы» ешқашан өзгермейді деп ант берді, - деп атап өтті ЦТАК.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея 2021 жылы COVID-19 эпидемиясына қарамастан жаппай жаңа жылдық шоумен қарсы алды. Мыңдаған азамат Пхеньянның басты алаңына 31 желтоқсанда кешке жаңа жылға арналған концерт пен отшашуды тамашалау үшін жиналды.

Өзгелердің жаңалығы