Кілемнің астына қалдыруға болмайды. Шерімбек комикс жазудың маңызын түсіндірді

24 Тамыз 2022, 15:43
1652
Бөлісу:
Кілемнің астына қалдыруға болмайды. Шерімбек комикс жазудың маңызын түсіндірді

Жас жазушы Садық Шерімбек еліміздегі комикс жазуды көптеп қолға алу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, комикс - өскелең ұрпақ пен жастардың ойын қалыптастыратын, олардың ойлауын жүйелейтін контент түрі.

АҚШ көптеген ұлттардан құралғаны белгілі. Алайда өткен ғасырда оларды біріктіретін тарихи қаһармандары болған жоқ. Сол себепті АҚШ өз еліне комикстер арқылы жаңа қаһарман кейіпкерлер жасап шығарды. Қарап отырсаңыздар, олардың суперқаһармандары Американың бір штатын не руын қорғамайды, әлемді құтқарады. Мұны оқып, қалыптасқан буын қазіргі АҚШ-тың негізін қалап отыр. Сондықтан бұл саланың Қазақстанға келуі және жастардың арасында қызғушылықтың пайда болғанын көре тұрып, оны жай ғана кілемнің астында қалдыруға болмайды деп ойлаймын. Қолдау әркез маңызды, - деді Садық Шерімбек орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Сонымен қатар Садық Шерімбек өзінің қазылар алқасының құрамында атап өтті.

Комикс жазып жатқан жас мамандар аз емес. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы оларға қосымша мотивация болмақ, - деді жазушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін жазушы отандық кітап туындыларының санын көбейту керек екенін айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы